CompanyName
CompanyName

Компанияның негізгі қызметі

«SK Water Solutions» ЖШС — Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы.
Қызмет түрлері
  1. сумен жабдықтау, су бұру, гидротехникалық құрылыстар, көп мақсатты су қоймалары, магистральдық су құбырлары және басқа да су шаруашылығы нысандарын салу, ұстау және пайдалану саласында инженерлік-техникалық кеңес беру және инженерлік ізденіс жұмыстарын жүргізу. Жобаларды іске асыру шеңберінде акваторияларды, су қорғау аймақтары мен белдеулерді тиісті техникалық және санитариялық жағдайға келтіруге бағытталған жағалауды бекіту, су қорғау және өзге де іс-шаралар бойынша кеңес беру қызметін жүзеге асыру;
  2. инженерлік ізденістер саласындағы қызмет және осы салада техникалық кеңес беру;
  3. Қазақстан Республикасының су ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында халықаралық, стратегиялық және институционалдық инвесторларды іздеу, тарту және олардың қызметін сүйемелдеу;
  4. халықаралық қаржы ұйымдары мен қаржы институттарынан гранттар мен қарыздар тарту бойынша, сондай-ақ халықаралық инвестициялық жобаларды үйлестіру және басқару бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету;
  5. су ресурстарын пайдалану және қорғау саласында ақпараттық, кеңестік және консалтингтік қызметтер көрсету;
  6. экономиканың түрлі салаларында су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған су пайдалану технологиялары саласындағы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу;
  7. жаңа және озық инновациялық шешімдерді пайдалану бойынша қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру;
  8. экономиканың түрлі салаларында су ресурстарын пайдалану жөніндегі үздік тәжірибелер мен практикаларды тарату мақсатында көрмелер мен конференциялар ұйымдастыру;
  9. Серіктестік жобалары аясында іске асырылатын су есептеу құралдары мен су шаруашылығы жүйелеріндегі технологиялық процестерді автоматтандыру бойынша пилоттық және үлгілік жобаларды әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес беру;
  10. коммерциялық қызмет пен басқару мәселелері бойынша кеңес беру;
  11. меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару;
  12. меншікті немесе жалға алынған бизнес-орталықты, кеңсе үй-жайларын, әкімшілік ғимаратты жалға (субжалға) беру және басқару.
Made on
Tilda