«SK Water Solutions» ЖШС — Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация Министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйым.
Компания 2024 жылғы 18 қазандағы № 862 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес республикалық меншікке берілді.
Тіркеу күндері:- Алғашқы мемлекеттік тіркеу: 2013 жылғы 8 мамыр.
- Қайта тіркеу: 2025 жылғы 15 сәуір.
Негізгі қызмет бағыттары:Су ресурстары саласындағы жобаларды үйлестіру, халықаралық инвестицияларды тарту, инновациялық технологияларды енгізу және Қазақстанның су инфрақұрылымының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Миссиясы:Озық технологияларды енгізу, инвестицияларды тарту және су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға бағытталған кешенді жобаларды іске асыру арқылы Қазақстанның су ресурстарын тұрақты және тиімді басқаруды қамтамасыз ету.
Мақсаты:Су шаруашылығы нысандарын салу мен жаңғырту бойынша жобаларды үйлестіру, инновациялық шешімдерді енгізу, халықаралық қаржы институттарының қаражатын тарту және салалардың сенімді сумен қамтылуы үшін ашық басқаруды қамтамасыз ету арқылы негізгі жобаларды жүзеге асыру.
Қызмет түрлері:- Су шаруашылығы нысандарын жобалау, құрылыс және пайдалану саласында инженерлік-техникалық кеңес беру және ізденіс жұмыстары;
- Халықаралық инвесторларды тарту және олардың қызметін сүйемелдеу;
- Халықаралық қаржы ұйымдарынан гранттар мен қарыздар тарту бойынша кеңес беру;
- Су ресурстарын пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер;
- Білім беру бағдарламаларын, көрмелер мен конференцияларды ұйымдастыру;
- Автоматтандыру, коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша кеңес беру;
- Жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару.
Жобалар:«Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту» жобасыИслам даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылады.
Қаржыландыру:Мемлекет кепілдігімен Ислам даму банкінен 1 150 млн АҚШ доллары мөлшерінде қарыз тарту.
Негізгі мақсаттар:- 5 жаңа су қоймасын салу және 4 қолданыстағысын қайта жаңарту;
- 115 суару каналын жаңғырту;
- Су есептеу жүйелерін автоматтандыру және цифрландыру;
- Саладағы кәсіби білім беруді дамыту.
Географиясы:Жоба Қазақстанның 7 өңірін қамтиды:
Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары.
Іске асыру кезеңдері:1-транш (2025 жылғы 29 тамыздан бастап)- Сома: 416 млн АҚШ доллары
- Бағыттар: құрылыс-монтаж жұмыстары, әлеуетті дамыту, технологияларды енгізу.
2-транш (2026 жылы жоспарланған)- Сома: 737,5 млн АҚШ доллары
- Бағыттар: құрылысты жалғастыру, жаңғырту және цифрландыру бағдарламаларын кеңейту.
1-транштың шарттары:- Мерзімі: 20 жыл (оның ішінде 5 жылдық жеңілдік кезеңі).
- Пайыздық мөлшерлеме: Euribor 6М + 1,45%.
- Валюта: еуро.